«Мирас-А» Қайырымдылық қоғамдық қоры
Фонд туралы

«Мирас-А» қайырымдылық қоғамдық қоры 2010 жылы құрылған. Құрылған уақыттан бері қор әртүрлі қайырымдылық іс – шаралар өткізіп, көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді.Тастанды балалар және көп балалы отбасыларға да көмек көрсетіп,Қазақстан Республикасының әлеуметтік жағдайын көтеруге зор үлес қосуда.

Қордың міндеттері:

  • аз қамтылған отбасыларға, көп балалы отбасыларға,жалғыз басты отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету және қолдау көрсету;
  • өмірдегі қиын жағдайға тап болған тұлғаларға қайырымдылық пен әлеуметтік көмек көрсету;
  • елде әлеуметтік саланың дамуы мен жетілуі, әлеуметтік-экономикалық жобалардың жүзеге асуы, әлеуметтік тұрғыдан осал топ өкілдерінің азаматтық белсенділігін дамыту мақсатында ықпалдасу;
  • Қазақстан Республикасында мүмкіндіктері шектеулі және/немесе мүгедектігі бар балалар, жасөспірімдер мен жастар, ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан түзету, әлеуметтік бейімдеу, экономикалық және әлеуметтік бағыттардың дамуына ықпал ету;
  • қайырымдылық акцияларын кез келген нысанда өткізу және қайырымдылыққа бағытталған жобалармен жұмыс істеу.
  • танымдық фильмдерді көрсету, радиограммаларды өндіру, әлеуметтік, рухани, мәдени т.б. тақырыптарға іс-шаралар, семинарлар мен конференцияларды ұйымдастырып, өткізу.
  • қоғамның, әсіресе, жастардың саналы және салауатты өмір салтын қалыптастыруына үлес қосу
  • Мәдениет пен өнер саласындағы бағдарламаларды материалдық тұрғыда қолдау,іске асыру.

Қордың мақсаттары:

  • әлеуметтік маңызы зор жобаларды іске асыру
  • қайырымдылыққа бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
  • Қоғамдық маңызды әлеуметтік жобаларды қолға алу арқылы қоғамның шексіз әлеуетін дамыту.
  • талантты жастарды, талантты орта жас буындағы азаматтарды қолдау
  • қала және ауыл тұрғындарының ішінде жағдайы төмен отбасыларға материалдық және әлеуметтік көмек көрсету
  • Қазақстан Республикасы мен өзге мемлекеттердің азаматтары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы мәдени, кәсіби және басқа байланыстарды дамыту;
  • мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды отбасы жағдайында медициналық, әлеуметтік және еңбекпен оңалту мәселелері бойынша туыстарына кеңес беріп, оқыту;
  • өмірде қиын жағдайға тап болған тұлғалар мен туыстарын психологиялық тұрғыдан қолдау қызметтерін ұйымдастыру;
Біздің жобалар
Ата - анасы бас тартқан балалар

«Тәрбие тағдыры»

«Шаңырақ»

"Мирас-А" футбол командасы

«Бір мүмкіндік»

«Загиптар уйі»

Фонд басшылары
Жүзбай Серік

Президент

Камшат Рахимбаева

Директор

Іс-шаралар
«Бір мүмкіндік»

Бір мүмкіндік "" Бір мүмкіндік" Бұл жоба 2018 жылы құрылған. Жобаның мақсаты талантты адамдарға кәсіби сахнаға шығуға, конкурстарға қатысуға мүмкіндік беру

«Тәрбие тағдыры»

"Тәрбие тағдыры" Бұл жоба жастардың бойында моральдық-этикалық және адамгершілік мінез-құлық нормаларын тәрбиелеу мақсатында құрылған.

Қалай көмектесуге болады?
Қаржылай
Тауарлармен
Ерікті болу
Біздің серіктестеріміз
Жаңалықтар
Кұжаттар